Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі істер басқармасына жаңа басшы болып полиция полковнигі Ақылхан Қасқабаев тағайындалды.
"Полиция полковнигі Ақылхан Қасқабаев Семей қаласы ІІД басшысы болып тағайындалды", – деп жазады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан".
Аталған қызметке тағайындалғанға дейін 53 жастағы Ақылхан Қасқабаев қалалық ішкі істер басқармасы басшысының бірінші орынбасары болды.
Ол басқа жұмысқа ауысуды күтіп отырған Жұмабек Исаділовті алмастырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу