Семейдің Түйемойнақ аралында табиғи саябақ салынады

1593

Семейдің Түйемойнақ аралында табиғи саябақ салынады

Семейдің Түйемойнақ аралында ерекше саябақ салынады. Аталмыш бақта жүгіруге, велосипед тебуге арналған жолдар және балалар мен ересектерге арналған ойын алаңдары болады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов кезекті аппараттық кеңесте қала басшылығына осындай тапсырма жүктеді.

"Қазірден бастап келешек саябақтың жобасын әзірлеуді бастаңыздар. Бұл жұмысқа бір жыл уақыт беремін. Аралға апартын жолды жөндеу керек. Ал саябақтың табиғи қалпын барынша сақтаған жөн. Тек жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге арналған жолдар төсеп, ойын алаңдарын орнату қажет. 2020 жылға қарай Семейдің өзіндік бірегей саябағыболуы тиіс", – деді Даниал Ахметов осыған орай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу