Семейдің жаңа бас жоспары 2023 жылдың соңына дейін дайын болады

1003

Семейдің жаңа бас жоспары 2023 жылдың соңына дейін дайын болады.

Семейдің жаңа бас жоспары 2023 жылдың соңына дейін дайын болады Фото: m.yk-news.kz

Бұл туралы Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жасаған баяндамасында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Семей қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеуді Мемлекет басшысының өзі тапсырған болатын. 2023 жылы бас жоспарды дайындап, аяқтаймыз. Жобаны іске асыру мерзімі 2040 жылға дейін. Ол кезде шаһардағы тұрғындар саны 500 мыңға жетеді деп межелеп отырмыз", - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Қала басшысының айтуынша, енді жаңа құрылыстардың барлығы Семейдің сол жағалауында жүргізіледі. Жаңа жылу электр орталығы да осы жағалауда салынуы мүмкін.

"Сол жағалаудағы 500-ге жуық учаскені бұзуды жоспарлап отырмыз. Бұл дегеніңіз - 72 гектар жер. Мұнда 191 көп қабатты үй салуға болады. Қазіргі уақытта 43 ескі жер үйді бұзу жұмысын жалғастырып жатырмыз. 39 жер үйдің иелерімен келісім жүргізудеміз. Жақын жылдары бұл маңда 1200 орындық мектеп пен 2 балабақша бой көтереді", - дейді қала әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу