Жол жөндеуге өткен жылғыдан 2 есе көп қаражат бөлінді

985

Жол жөндеуге өткен жылғыдан 2 есе көп қаражат бөлінді

Биыл Семейдің жолдарын жөндеу үшін былтырмен салыстырғанда екі есе көп қаражат бөлініп отыр. Бұл туралы шаһарды абаттандыру және көгалдандыру жобасымен танысқан ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.   

2018 жылы Семейдің орталық бөлігі және Жамақаев пен Шмидт атындағы көшелерге дейінгі Ленин көшесінің аумағын абаттандыру жоспарланған. Сондай-ақ, қалада жағажай жасау үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде. 6 көше Workout-ын қою көзделген. Бұдан бөлек, гүлзарлар, ағаштар отырғызылып, саябақтар, скверлер мен алаңдарды көркейту ісі де жалғасын табады.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, "Менің аулам" бағдарламасы аясында биыл 611 миллион теңгеге көпқабатты тұрғын үйлердегі 62 аула абаттандырылады. Аулаішілік аумақтар асфальтталып, жарықтандыру, ағаш отырғызу, спорт және балалар ойын алаңын орнату сияқты бірқатар жұмыс атқарылады. 

"Биыл Семейді абаттандыруға 2017 жылмен салыстырғанда 500 млн теңгеге, ал жол жөндеуге 1 млрд.теңгеге көп қаржы бөлінді. Бұл өте жақсы. Қаланы көгалдандыру ісіне ерекше көңіл бөлу керек. Сонымен қатар, орталық саябақты жөндеу жобасын қайта қарауды тапсырамын. Заманауи стандарттарға, қазіргі күннің талабына сай болуы тиіс. Қыруар қаражат бөлінуде, сондықтан жұмыс сапалы әрі уақтылы атқарылуы тиіс", - деп атап өтті Даниал Ахметов. 

Айта кету керек, бүгінде орта жөндеуден өтетін көшелер атауы белгілі. 2017 жылы жөндеу жүргізілген аумақтарда олқылықтардың орнын толтыру ісі басталып кетті

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу