Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың FlyArystan компаниясының басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Маннспен кездесуі барысында белгілі болды. Тараптар жолаушылар ағыны мәселелерін және алдағы уақыттағы өңір мен компания арасындағы бірлесіп атқаратын жұмыстарды талқылады.
Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, қазіргі рейстер Астана мен Алматыдан келетін жолаушылар үшін аздық етеді. Сондықтан Абай облысының әкімшілік орталығы мен Қазақстанның ірі қалалары арасында әуе қатынасының жиілігін жолға қою аса маңызды болып отыр.
FlyArystan әуе компаниясының басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Маннс атап өткендей, биыл авиакомпания Семей қаласынан Шымкент қаласына қосымша авиамаршрутты орындады. Авиакомпания осы өңірдегі жолаушылар ағынын ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыратын болады.