Семейде мысық өлтірген ер адам жауапқа тартылды

833

Мысықты жазаламақ болған тұрғын 90 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, пробация есебіне алынған.   

Семейде мысық өлтірген ер адам жауапқа тартылды Фото: google

Семейде мысық өлтірген тұрғын 90 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

26 жастағы ер адам түн ортасында пәтерден темекі шегу үшін подъездің кіреберіс алаңына шыққан. Темекі шегіп тұрып баспалдақты бүлдірген мысықты көрген. Ашуланған ер адам оны бұл ісі бойынша жазаламақ болған. Алайда мысық қашып кеткен. Артынан қуып ұстап алып, оны тепкілеп, өлтіріп тастаған. 

Оқиға подъездегі бақылау камерасына түсіп қалған. Сот отырысында ер адам өзінің кінәсін мойындап, мысықтың иесінен, яғни жәбірленушіден кешірім сұрады. 

Мысықты жазаламақ болған тұрғын 90 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, пробация есебіне алынған. Бүгінгі күні сотталған адам Семей көшелерін тазалап, жазасын өтеп жүр. 

– Ер адам Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Орталық ауданының пробация қызметіне есепке алынды. Қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді. Оған жазаны өтеудің шарттары мен тәртібі түсіндірілді, – деді Орталық аудандық пробация қызметінің бастығы Асанәлі Диханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу