Семейлік 1946 жылы шығарылған автокөлігін кәдеге жаратуға өткізді

1015

Семейлік 1946 жылы шығарылған автокөлігін кәдеге жаратуға өткізді

Павлодар облысының тұрғындары жеті айдың ішінде 1461 ескі көлікті кәдеге жаратуға тапсырған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

ӨКМ операторы баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2016 жылдың 21 қарашасы - 2017 жылдың 13 маусымы аралығында елімізде тозығы жеткен көлік құралдарын ынталандыру бағдарламасы бойынша қабылдау бекеттеріне 23 030 автокөлік жеткізілген.
Ескі көліктерді тапсыру бойынша Шымкент қаласы көш бастайды. Бағдарлама басталғаннан бері оңтүстік қазақстандықтар 2 980 автокөлік өткізіп отыр. Тозған техникадан арылу көрсеткіші бойынша Қостанай қаласы екінші (1 825), Алматы облысы (Талдықорған) (1 597) үшінші орында тұр. Бағдарламаға қатысып, бірінші санат бойынша 22 998 ескі көлігін тапсырғандарға (150 мың теңгеден) – 3 440 700 000 теңге ақшалай өтемақы төленді. Екінші санат бойынша (48 мың теңге) 1 536 000 теңге 32 көлік иесіне аударылды.
Жоюға тапсырылған көліктердің қатарында "Жигули", "Москвич", "Волга" сияқты кеңестік кезеңде шыққан машиналардан басқа, шетелдік көліктер де бар. Оның ішіндегі ең ескі 1946 жылы шығарылған "Москвич" автокөлігін Семей қаласының тұрғыны өткізген. "Жылы жаңа" деген көліктердің соңын 2014 жылы шыққан "Лада 21901" автокөлігі түйіндеп отыр. Сонымен қатар тозығы жеткен машиналардың арасында "Мазда", "Фольксваген", "Хонда" сияқты шетелдік автокөліктер кездеседі.
Ең әйгілі маркалардың арасында 1996 шыққан "Toyota Land Cruiser" Атырауда және 1985 жылы шығарылған "Porsche" маркалыі автокөлік Талдықорғанда тапсырылды. Жоюға өткізілген көліктердің орташа шығарылған уақыты 25-30 жыл.

Ескі көліктерді утилизацияға тапсыру бағдарламасын оңтайландыру үшін 2017 жылдың қаңтар айынан бастап электронды кезек жүйесі енгізілді. ӨКМ операторының Call-орталығына (8 800 080 08 65) хабарласу арқылы және auto.recycle.kz ресми сайты бойынша кезекке тұруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу