Семейлік азамат мас күйінде аудандардың бірінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзған

503

Полицейлер оны учаскелік полиция пунктіне жеткізген. 

Семейлік азамат мас күйінде аудандардың бірінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзған Фото: google

Әкімшілік ғимаратта аталған азамат учаскелік инспекторға көпшілік алдында жала жауып, смартфонының камерасына түсіріп алған. Бейнежазбада ол қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратып, кейін оны әлеуметтік желіге жариялаған.

Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін немесе қоғамдық орындарда мас күйде болғаны үшін жауапкершілікке тартудан басқа, аталған азамат ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны үшін, сондай-ақ адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп жалған айыптағаны үшін жауапқа тартылатын болады.

ПД ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу