Семейлік кәсіпкер 2 жылда 95 рет айыппұл төлеген

813

Семейлік кәсіпкер 2 жылда 95 рет айыппұл төлеген

Шығыс Қазақстанда соңғы 2 жылда 95 рет айыппұл төлеген кәсіпкер тұрады, деп хабарлайды 24Хабар.

Семейлік азамат шетелден ойыншықтар әкеліп, саудаға шығарып жүрген. Алайда өнімнің сертификаты жоқ. 2011 жылы күшіне енген қауіпсіздігі туралы техникалық тәртіп негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тауардың сапасы туралы сертификат алуға тиіс. Онсыз тауарды нарыққа шығаруға тыйым салынады.

Екі жылдан бері заңға бағынбаған кәсіпкерге қатысты 95 әкімшілік іс қозғалған, 7 миллион теңгеден аса айыппұл салынды.

"Аталған жеке кәсіпкерге 2015 жылы тауарларға арналған сертификатты әкелмей және оларды халыққа сатуына байланысты 47 әкімшілік іс қозғалып, ол 2 миллион 400 мың теңге айыппұл төледі. Сондай-ақ осы іс-әркекеті үшін 48 әкімшілік іс қозғалып, 5 миллион теңге айыппұл төледі", – деді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің маманы Айдос Нәзбиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу