Семейлік кәсіпкер қымыздан 20-ға жуық балмұздақ түрін шығарды

292

Жас кәсіпкер өнімін еліміздің 6 өңіріне жеткізіп отыр.

Семейлік кәсіпкер қымыздан 20-ға жуық балмұздақ түрін шығарды Фото: artandcrafts.cultural.kz

21 жастағы семейлік жас кәсіпкер Айдын Серікқазин қымыздан балмұздақ өндіру идеясымен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасынан 505 мың теңге көлемінде грант жеңіп алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, ол 2020 жылы "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша ол 5 млн теңге көлемінде өтеусіз грант алды.

Бұл қаржыға кәсіпкер Семей қаласында қымыз бен саумалдан балмұздақ шығаратын шағын цех ашты. Содан кейін авторлық құқық алып, өнімін патенттеген.

Қазір Айдын Астана, Алматы, Балқаш, Өскемен, Семей қалаларында және Алакөл демалыс орталығында қымыз, саумал, сондай-ақ түрлі жемістерден жасалған балмұздақтың 18-ден астам түрін сатады.

Шымкент пен Түркістанда сату нүктелерін ашу жоспарлануда. Өнім халық арасында жақсы сұранысқа ие болып отыр.

Ұлттық брендті ілгерілету және отандық өнімді шетелде танымал ету мақсатында географиялық көрсеткішті тіркеуге өтінім берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу