Семейліктерге эвакуацияға дайын отыру тапсырылды

958

Семейліктерге эвакуацияға дайын отыру тапсырылды

Ауа райының күрт жылынуы енді Семей жұртшылығын әбігерге салуда. Ертіс өзенінің деңгейі көтеріліп, арнасынан асып жатыр. Қазір бірнеше кент пен ауданды су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір қала іргесіндегі Түйемойнақ аралы ауданы, Шығыс, Мирный кенттеріндегі үйлердің ауласын су басу қаупі төніп тұр. Тасқын салдарымен күреске қаланың барлық коммуналдық мекемелері жұмылдырылды. Оқиға орнына дереу жеткен қала әкімі Ермак Сәлімов тұрғындарды сабырлыққа шақырды.

Төтенше жағдай басқармасы мен қалалық әкімдіктің мамандары жағдайды бақылауда ұстауда. Дегенмен тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуі де мүмкін. Сондықтан құжаттары мен бағалы заттарын буып-түйіп қою ескертілді. Қазір көшіретін орын белгіленіп, уақытша мал тұратын қора-қопсылар да дайындалған. Тұрғындар "Турист", "Семей" қонақүйлеріне және "Строитель" демалыс базасына орналастырылады.

Қазір 1 200 адам тұратын 496 үй су басып қалмауы үшін бақылауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу