Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

413

Талғат Мұратов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды Фото: Ахай облысының әкімдігі

Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады. 

Талғат Мұратов Алматы облысы Қаратал ауданы Кальпе ауылында дүниеге келген.

2007 жылы Қазақ бас сәулет құрылыс академиясын, 2015 жылы Қазақстан инновациялық университетін, 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 1993 жылы "Стройдеталь" жеке кәсіпорынның атқарушы директоры қызметінен бастаған. Әр жылдарда түрлі мекемелерде басшылық қызметте болған.

2014-2018 жылдары Бесқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы болды.

2018 жылы Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу