Қоғамдық көлік жүргізушілері жалақыларын талап етіп, жоғарыда аты аталған компаниямен тең құрылтайшы саналатын Семей әкімдігіне жүгінді.
Әкімдік жалақыны тең құрылтайшының бірі Серікжан Қалиевтен сұрады, себебі автопарк қызметкерлері келісімшартты әкімдікпен емес, жұмыс берушімен жасағанын алға тартты. Ал Серікжан Қалиев мәселе әкімдікпен бірлесіп шешілуге тиіс екенін мәлімдеді.
Екі ортада автобус жүргізушілерінің ұпайы кетті. Олар мәселені шешпей қоймайтындарын, тең құрылтайшылардан еңбекпен тапқан ақшаларын сұрап отырғандарын, қажет болған жағдайда құзырлы органдарға шағымданатынын айтып, наразылық білдірді.
Қанат Махамбет