Семіздік, қант диабетімен ауыратын балалар қатерлі топқа кіреді

658

Балалардың көпшілігінде індет жеңіл өтеді. 

Семіздік, қант диабетімен ауыратын балалар қатерлі топқа кіреді

Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

"Бүгінгі таңда балалар арасында COVID-19 вирусына қатысты 5 маңызды жалпы ережелер белгілі. Балалардың көпшілігінде ауру жеңіл өтеді, бірақ ауруханаға, соның ішінде жансақтау бөліміне және қарқынды терапия бөліміне жатқызуды қажет ететіндері де бар. Семіздік, қант диабеті, иммун тапшылығы жағдайлары, ревматикалық аурулары бар, тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары, жүрек-тамыр, ұю жүйесі және басқа да аурулары бар балалар қауіп тобына кіреді", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сондықтан сақтық шараларын ұстану індетті жұқтырмаудың негізгі жолы болып есептеледі. 

"Балалар күз және қыс мезгілінде тыныс алу жолдарының инфекцияларына, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларының өршуін болдырмауға әлеуметтік арақашықтық және гигиеналық шараларды сақтау мүмкіндік беретінін ерекше атап өткіміз келеді. Сондықтан қашықтықтағы форматта оқу жылының басталуы эпидемиологиялық тұрғыдан негізделген шара болып табылады", – деді басқармада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу