Семіздікке шалдыққандар саны 3 есе артқан

1129

Әсіресе артық салмақтағы ер адамдардың қатары көп.

 Семіздікке шалдыққандар саны 3 есе артқан

Алматылықтардың 45 пайызында артық салмақ бар. Ал тұрғындардың 20 пайызы жұмысқа жоғары қан қысымымен келеді. Бұл туралы "Алматы" телеарнасынан хабарланды.

Дәрігерлердің жүргізген зертханалық зерттеуі барысында, бұдан бөлек, тұрғындардың 84 пайызында май алмасудың бұзылуы, 81 пайызында бауыр жасушаларында май қыртыстарының пайда болуы белгілі болған. Ақ халаттылар бұл көрсеткіштердің көңіл көншітпейтінін алға тартады.

"Қазір қоғамда көп қозғалмайтын енжар адамдар көбейіп барады. Біздің зерттеу нәтижесінде, күнделікті жұмысқа баратын адамдардың көбісінің денсаулығында кәнараттар бар болып шықты. 45 пайызы семіздікке душар болған, әсіресе артық салмақтағы ер адамдардың қатары көп. Тұрғындардың 25 пайызында артериалдық гипертония анықталды. Олардың бәрі бұдан хабардар бола тұра тек 5 пайызы ғана дәрілік препараттарды қолданады. Және қан қысымын өлшеу кезінде алматылықтардың 20 пайызы жұмысқа жоғары қан қысымымен келген болып шықты", – дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Несеров.

Соңғы 40 жылда әлем бойынша семіздіктен зардап шегетін адамдардың саны 3 есеге артқан. Жиында қатысқан белгілі қазақстандық спортшы Валихан Тен дұрыс тамақтанудың маңыздылығын айтып, ережелерімен бөлісті. Сонымен қатар, шара аясында қатысушылар соңғы буындағы кәсіби медициналық дене талдағышының көмегімен ағзаның жай-күйін тегін тексерістен өткізуге мүмкіндік алды.

"Бауыр – біздің ағзамыздағы ең ерекше орган десек болады. Себебі, ол өзін өзін-өзі емдей алатын, қалпына келтіре алатын жалғыз мүше. Бірақ біз тек күні бойы пайдаланатын тамақ мөлшерін өз деңгейінде, уақытымен қолдана білсек қана бауыр жұмысын жақсарта аламыз. Тек дұрыс тамақтанып қана қоймай, физикалық қозғалысты жақсарту аса маңызды", – деді бодибилдинг бойынша ҚР чемпионы Валихан Тен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу