Семіздікпен күреске жылына 2 триллион доллардан аса қаржы жұмсалады

1293

Семіздікпен күреске жылына 2 триллион доллардан аса қаржы жұмсалады

Құрамында қант пен майдың қоспасы шамадан тыс көп тағамдарға салық салатын ел көбейді, деп хабарлайды islam.kz.

Дамыған елдерде адамдар тұтынатын тағам құрамы сын көтермейді, дәлірегі, артық салмақ қосатын тағамдар күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналған. Осы үрдіске, яғни, жат әдетке байланысты майлы тағамдарға салық салатын елдердің қарасы артып келеді. Аталған салық түрін әлемде ең алғашқы болып Венгрия енгізген еді.

Келесі жылы мұндай тағамдарға салық салатын Венгрияның қатарын Ұлыбритания толықтырды. Ал Францияда халық санына шаққанда ересек тұрғындардың шамамен 20%-ы (айлық табысы €1500 ($1765) семіздік індетіне шалдыққан. Аталған елдегі айлық табысы 3 мың еуродан аспайтындар арасында бұл көрсеткіш 10%-ды құраған.

Әлемдік экономика семіздік індетімен күресу үшін жылына 2 трлн доллардан астам қаржыны шығындайды екен. Десе де сарапшылар мұндай салық майлы тағамдарға әрі тәттіге құмар кедейлердің қалтасына артық салмақ салатынын, оларды жат әдеттен мұндай жолмен бас тартқыза алмайтынын алға тартып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу