Басынан жарақат алып, мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтардың еміне 140 млн жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сарбаздың ата-анасы тәулік бойы кезекшілік ету үшін жеке дәрігерлерді жалдауға мәжбүр. Қиын жағдайға тап болған отбасы қаражат жинау үшін арнайы шот ашқан.
Отбасына емдеуді үйлестіру, ауруханаға жатқызу үшін ел мен клиниканы таңдауда көмек қажет.
Желіде сарбазға қатысты жантүршігерлік видео тараған болатын. Роликте ол әскерге өз еркімен кетіп, артынша ауруханада ауыр хәлде жатқаны көрсетіледі. Сарбаз алты айдан бері комада жатты.
Ербаян Мұхтар әскерде басынан жарақат алған. Қазіргі таңда ол өз күшімен тамақтана алмайды және сөйлей алмайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу