Сенат адвокаттарға қатысты заң жобасын мәжіліске қайтарды

1120

Жоғарғы палата депутаттары құжатқа 9 өзгеріс енгізді. 

Сенат адвокаттарға қатысты заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат адвокаттық қызмет және заң кеңесі туралы заң жобасын мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды Аtameken Business . Сенаторлар адвокатты өмір бойына лицензиясынан айыру нормасын алып тастауды ұсынып отыр. Алайда құқыққорғаушылардың ашуына тиген норма алынып тасталмады. Адвокаттар республикалық алқаға ай сайын кемі бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жарна аударуға міндеттелмек. Бірақ бұл ереже  2026 жылы күшін жоймақ. Бұған дейін белгілі құқыққорғаушы Айман Омарова жарналардың қайда жұмсалып жатқаны белгісіз, жұмыс ашық жүргізілмейтіндігіне шағымданған болатын. Осы орайда Сенат қаржылық есеп беруді міндеттеуді ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу