Отырыс барысында сенатор Ақылбек Күрішбаев өкілеттілігін тоқтататыны жарияланды.
"Ақылбек Күрішбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттілігін тоқтату туралы өтініш жасады. Орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өкілеттілігін тоқтату туралы өтінішті қарап, Сенатқа тиісті ұсыным енгізді", – деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
Белгілі болғандай, ұсынымды Орталық сайлау комиссиясы енгізген.
"ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай ОСК ҚР Конституциясының 2-бабына "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы", ҚР Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаетың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізіп отыр", – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.