Сенат Бюджет кодексін Мәжіліске қайтарды

120

Заңның жекелеген баптары мақұлданбады. 

Сенат Бюджет кодексін Мәжіліске қайтарды Фото: inbusiness.kz

Сенат Бюджет кодексінің жаңа редакциясын екі оқылымда да қарап, оны Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бас комитеттің, комитеттердің және Қазақстан Республикасы Сенаты депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Заңды талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында Мәжіліс қабылдаған Кодекске мынадай негізгі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындады:  

  •  Кодекстің 5-бабының 17) тармақшасымен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен бюджет комиссиясының хатшыларына бюджеттік комиссияның қарауына құжаттарды дайындау бойынша жаңа жауапкершілік беретін нормаға байланысты лауазымды адамдар қатарынан жергілікті бюджет комиссиясының төрағасы мен хатшысын басшы ретінде айқындау ұсынылады;
  • 30-бапта – республикалық бюджет шығыстарында төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған шығыстар көзделген; 
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша аумақтылығына қарай белгілі бір шектеулер белгіленбейді, осыған байланысты 30-баптың 1-тармағында "шегінде орналасқан" деген сөздерді алып тастау көзделген; 
  • ауылдық елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шығыстар облыстық және аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылуға тиіс. Осыған байланысты аталған шығыстарды ауылдық округтің шығыстарынан алып тастау қажет.

"Сонымен қатар жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту мен реконструкциялауға қаражатты аудандық және ауылдық бюджеттердің шығыстарына жатқызу ұсынылады, өйткені бұл функциялар "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының салалық Заңында көзделген. Бюджеттің ашықтығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында 40-бап бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың шоғырландырылған, мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы, сондай-ақ облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, тиісінше ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді жариялауды қамтамасыз ету жөніндегі нормамен толықтырылсын. Қолданылатын салықтық жеңілдіктердің тиімділігін объективті бағалау мақсатында 54-бап Талдамалық есепті қалыптастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган салық төлеушілер қолданған салықтық жеңілдіктердің көлемі туралы мәліметтерді бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға тиіс болатын нормамен толықтырылсын", – делінген қорытынды құжатта.

Кодекстің 63-бабында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың нысаналы, заңды және тиімді пайдаланылуына мониторинг нәтижелерін қарауы жөніндегі норманы енгізу ұсынылды. 105-бап міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеу тәртібін, сондай-ақ бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарларын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау тәртібін айқындау жөніндегі нормамен толықтырылды. 

Ал 110-бапта квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдерді, оның ішінде құрылысқа, мемлекеттік сатып алуға, пилоттық жобаларды іске асыруға байланысты төлемдерді жүргізу кезінде ағымдағы бақылау айқындалған. Кодекстің 143-бабында экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті алу үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы бойынша талап көзделген. Осыған байланысты оның құзыретіне аталған мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін қорытындыны әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі норманы енгізу қажеттігі ұсынылды.

"Ұлттық қордан тартылатын кепілдік берілген трансферттің жылдық сомасы ай сайын тең үлестермен тартылады және қаржы жылы ішінде оның қажетті сомаларға сұранысы әртүрлі болуы мүмкін болғандықтан, мемлекеттік қазынашылықтың нақты қажеттіліктеріне қарай кепілдік берілген трансферттің ай сайынғы көлемінің әртүрлі сомаларын белгілеу мүмкіндігі болатын норма ұсынылады. Ұлттық қордан бөлінген қаражатты тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында, сондай-ақ ҚР Ұлттық қорының валюталық активтерін 2030 жылы 100 млрд долларға дейін ұлғайту бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін 115-бап нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді Ұлттық қорға міндетті түрде қайтару жөніндегі нормамен толықтырылды. Кепілгерлік шарты және оның қолданылу мерзімін регламенттеу шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында 145-бапта оларды қайтару жөніндегі норманы, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігінің қолданылуын тоқтату негізін көздейтін норманы көздеу ұсынылады", – делінген құжатта.

Бюджет кодексі мемлекеттік ислам бағалы қағазын шығаруды көздейтіндіктен, оның шығарылуы мен айналымының тәртібі мен шарттарын көздеу ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу