Сенат цифрлық актив туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Түзетулер криптовалюта өндіру мен айналымына қатысты. 

Сенат цифрлық актив туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды Фото: РБК

ҚР Парламенті Сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын қарап, Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, конституциялық заңдарға енгізілген өзгерістер бірқатар мәселелерді шешеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біріншіден, Ұлттық энергетикалық жүйені реттелмейтін майнингтен қорғау. Бұл ретте майнерлер пайдалана алатын электр энергиясы көздерінің тізімі шектелген. Олардың қатарында жаңартылатын энергия, импорт және өз өндірісін пайдалану бар. Цифрлық майнерлерге электр энергиясын тікелей жалпы энергетикалық жүйеден тұтынуға тыйым салынады. Олар жалпы энергия жүйесінен электр энергиясын артық болған жағдайда ғана нарықтық тетіктер арқылы және тек KOREM биржасы арқылы сатып ала алады", - деді депутат.

Екіншіден, майнинг саласын Қазақстан экономикасына тарту көзделген. Ол үшін цифрлық майнинг өндірісі лицензияланбақ. Осылайша, бұрын Қазақстан экономикасына қандай да бір жолмен қатыспаған цифрлық майнерлер ел резиденттері және салық төлеушілерге айналады.

Үшіншіден,  салықтарды басқарудың ашық тетіктерін енгізу көзделген. Майнерлерге бизнес субъектілері ретінде крипто-биржалардан алынатын корпоративтік табыс салығы салынады.

"Төртіншіден, қорғалған цифрлық активтердің эмиссиясы мен айналымын реттеу. Ал соңғысы майнингтің қаржы жүйесіне кері әсер ету тәуекелдерінің алдын алу. Қазақстан аумағында крипто-биржалардың қызметіне тыйым салынады, сонымен қатар криптовалюталық транзакцияларды жарнамалауға тыйым салынады", – деп түсіндірді Смышляева.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу