Сенат депутаттары Алматы мәслихатының депутаттарымен кездесті

582

Халық қалаулылары мегаполистегі өзекті мәселелерді талқылады.  

Сенат депутаттары Алматы мәслихатының депутаттарымен кездесті Фото: parlam.kz

Сенат депутаттары Алматы қаласының Мәслихат депутаттарымен кездесті, деп жазады inbusiness.kz.

Халық қалаулылары Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына тоқталды. Оның аясында шаһар тұрғындарының сұраныстары мен талаптарын ескере отырып, бірқатар инновациялар енгізілмек.

Мәслихат төрағасы Станислав Канкуровтың сөзінше, мәслихат жұмысындағы басты басымдықтар қатарында мемлекеттік саясатты іске асыру, бюджет қаражатын тиімді жұмсалуын бақылау және қалалық бағдарламаларды орындауды қамтамасыз ету, мегаполисті одан әрі дамыту және т.б. жатады.

Кездесу барысында Алматыдағы бірқатар экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Мәслихат депутаттары Сенат депутаттарына ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бұқаралық спортты дамыту, дәрілік препараттарға бағаны төмендету, ақыл-есі кем балаларға мүгедектік тағайындау тетігін қайта қарау, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы туралы мәселелерді шешуде қолдау көрсету туралы өтінішпен жүгінді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Агломерацияларды дамыту туралы" Заңға қол қойды. Халық қалаулылары еліміздегі ірі Алматы агломерациясын дамыту үшін Сенат пен Мәслихат депутаттарының күшін біріктірудің маңыздылығын атап өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу