Сенат депутаттары Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында ұстап беру туралы заң жобасын қолдады, деп хабарлайды 24.kz.
Конституциялық заңнама сот жүйесі және құқықтық органдар комитеті құжатты cенаттың жалпы отырысында қарауға жіберді. Тараптар заңдағы барлық қарама-қайшылықтар бойынша ортақ мәмілеге келді. Қос мемлекет арасында бұл келісімге қол қойылған кезден бастап, саладағы өзара ынтымақтастық нығайды. Мәселен, былтыр желтоқсан айында Сауд Арабиясы Қазақстанға бюджеттік қаржыны жымқырған Омар Мұхит деген азаматты ұстап берді.
Айта кетейік, бүгінгі таңға дейін Қазақстан 18 елмен осындай шарт жасасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу