Шетел органдары Қазақстанның 185 өтінішін орындады – Берік Асылов

725

Сенаторлар "Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" құжатты қабылдады. 

Шетел органдары Қазақстанның 185 өтінішін орындады – Берік Асылов

Заң екі елдің өкілетті органдарына қамауда отырған адамдарды уақытша беру, тінту, заттарды тәркілеу, сараптама жүргізу, жауап алу, ақпарат алмасу сынды тергеу амалдарын жүргізуге құқық береді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асыловтың айтуынша, шартта көзделген барлық тергеу әрекеттері Қазақстанның қылмыстық-процестік кодексінде нақтыланған. Тараптардың бір-біріне көмек көрсетуі ел егемендігіне, ұлт қауіпсіздігіне және өзге де мүддеге қауіп төндірген жағдайда, сонымен қатар ұлттық заңнамаға қайшы келсе, адамды ұлты, нәсілі, діні және саяси көзқарасы үшін қудалайтын болса тоқтатылады. 

"Дәл осындай шарт Қытай, Ұлыбритания, Үндістан, АҚШ бастаған 
27 мемлекетпен жасалды. Болашақта Португалия, Кипр, Доминикан және Аргентина елдерімен келісімге келеміз. Былтыр басқа мемлекеттерге 163 сұрату бойынша құқықтық көмек көрсеттік. Шетел органдары Қазақстанның 185 өтінішін орындады", – деді бас прокурордың бірінші орынбасары

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу