Сайланған 20 сенатордың үшеуі – әйел адам, ал 17-сі – ер адам. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
>Олардың арасында төртеуі ҚР Парламентінің депутаты, бесеуі – облыстық мәслихат хатшылары, төртеуі – облыс әкімдерінің орынбасарлары. Сонымен қатар 2 аудан әкімі, 2 мемлекеттік орган қызметкерлері, 1 оқу мекемесінің басшысы, 1 облыстық басқарма басшысы және 1 акционерлік қоғам өкілі де бар.
Бұдан басқа Астана қаласынан шығып қалған ҚР Парламенті Сенаты депутатының орнына сайлау өткізіліп, Сенат депутаты болып депутаттық өкілеттігі тоқтаған Андрей Лукин сайланды.