Сенат депутаттары Шымкент гарнизонын аралады

488

Сенат депутаттары Шымкент гарнизонын аралады

Парламент сенатының халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері комитет төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Қазақстан Қарулы Күштерінің Шымкент гарнизонына барды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары барысында сенатор Икрам Адырбеков, Мұхтар Алтынбаев, Серік Жақсыбеков, Ләззат Қиынов, Георгий Ким Құрлық әскері, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдері, Ұлттық ұлан және Шекара қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мәселелерін зерделеді.

Депутаттар Су-25, МиГ-29 ұшақтары мен Ми-17, Ми-171Ш және Ми-35М тікұшақтары тұрған әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері және авиациялық базаның әскери бөлімдерін, жеке құрамның күнделікті тыныс-тіршілігі және тұрмысымен танысып, Әуе қорғанысы күштерінің Шекара қызметі және әуе қорғанысы органдарымен өзара іс-қимыл қалай ұйымдастырылғанын бағалады. Радиотехникалық және зениттік зымыран есептоптары мен әскери авиацияның экипаждары жауынгерлік даярлығын паш етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу