"Интерфакс Қазақстанның" хабарлауынша, Сенаттың кейтілген отырысында Жоғарғы соттың үш судьясы сайланған.
"Мемлекет басшысы сіздердің назарларыңызға Нұрғазы Әбдіқановты, Марғұлан Бектұрғанов пен Шолпан Данияровты Жоғарғы сот судьялары ретінде сайлауды ұсынып отыр. Бұл адамдардың орташа судьялық өтілі 22 жылдан асады", – деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.
"Интерфакс Қазақстанның" жазуынша, депутаттар аталмыш ұсынысты қолдап дауыс берген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу