Сенат депутаттары Жогорку кенеш делегациясымен кездесті

756

Сенат депутаттары Жогорку кенеш делегациясымен кездесті

Дариға Назарбаева бастаған сенаттың Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Жамбыл облысындағы Қордай кентінде Қырғыз Республикасы Жогорку кенешінің депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

Бұл – екі ел депутаттарының осындай сипаттағы екінші кездесуі. Депутаттар Икрам Адырбеков, Нұртай Әбіқаев, Мұхтар Алтынбаев, Серік Жақсыбеков, Ляззат Қиынов, Георгий Ким Қордай және Ақжол өткізу бекеттерінің жұмысымен де танысты.

Сенаторлар қырғыз әріптестерімен көші-қон, парламентаралық және шекаралық аймақтардағы ынтымақтастық, сауда-экономикалық әріптестік пен туризмді кеңейту мәселелерін талқылады. Қазір екі елдің ынтымақтастығы 150-ден астам құжатты қамтитын келісімшарт құқық базасымен бекітілген.

Жогорку кенештің төрағасы А.Жээнбековтің 2015 жылдың маусымында Астанаға жұмыс сапары аясында парламент пен Жогорку кенеш арасындағы парламентаралық кеңес туралы келісімге қол қойылып, осы кеңестің отырысы өткен болатын.

"Кеңес Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тиімді екіжақты байланысты нығайтуға, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимылды дамытуға жәрдемдеседі деп ойлаймын", – дейді Дариға Назарбаева.

Сенатор сондай-ақ екіжақты негізде де, халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында да ортақ күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын айтып өтті.

"ЕАЭО аясына біріге отырып, біз өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықтық. Екіжақты қатынасты дамытудың оң қарқынын атап өтуге болады. Бұл ретте жоғары деңгейде қол жеткен барлық келісімнің іске асуына қол жеткізу маңызды деп санаймын", – дейді Дариға Назарбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу