Сенат депутаттарын сайлауға 92 миллион теңге бөлінді

621

Сенат депутаттарын сайлауға 92 миллион теңге бөлінді

28 маусымда өтетін Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауына республикалық бюджеттен 92 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл қаржы кандидаттардың теледидар мен радиода, баспасөзде, ақпараттық-насихат бағдарламасын баяндауға және сайлауалды іс-шараларын өткізуге жұмсалады. Сондай-ақ, іссапар шығыстары, үй-жайды жалға алу мәселесі де бюджет есебінен қамтылады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің кеңесінде айтылды.

Отырыста Сенат депутаттарын сайлауда шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен халықаралық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру жағы талқыланды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев екіжақты байланыс орнаған шет мемлекеттердің тиісті органдарына шақыру хаттары жіберілгенін атап өтті. Отырыста шетелдік байқаушылардың қызметіне қатысты Орталық сайлау комиссиясы қаулы қабылдады.    

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу