Сенат депутаттарының сайлауы: "Орта есеппен бір орынға 6 адамнан аса үміткерден келді"

544

Орталық сайлау комиссиясының күн тәртібіне 2023 жылғы 14 қаңтарда өткен ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау мәселесі шығарылды.      

Сенат депутаттарының сайлауы: "Орта есеппен бір орынға 6 адамнан аса үміткерден келді" Фото: parlam.kz

14 қаңтарда өткен Парламенті Сенаты депутаттарын сайлауда кандидаттардың және депутаттық мандатқа ие болғандардың басым бөлігі – өзін-өзі ұсынушылар. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"14 қаңтарда өткен Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауында әрбір өңірден 1 өкілден 20 сенатор сайланды. Осы сайлауда баламалық қағидаты сақталып, кандидаттардың бәсекелестік деңгейі жоғары болғанын атап көрсеткен жөн. Орташа есеппен бір орынға 6 адамнан аса үміткерден келді. Осылайша республика бойынша Сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылып, 55 кандидат дауысқа түсті. Сенат сайлауында кандидаттардың және депутаттық мандатқа ие болғандардың басым бөлігі – өзін-өзі ұсынушылар. Бұл азаматтық қоғамда және жеке саяси мүдденің артып келе жатқанын көрсетеді. Аумақтық сайлау комиссияларының деректері бойынша сайлауда дауыс беруге 3167 таңдаушының 2904-і немесе 91,7 пайызы қатысты. "Бәріне қарсымын" бағаны бойынша дауыс беру құқығын барлық өңір таңдаушылары қолдана алды", - деді спикер.

Оның айтуынша, дауыс беру күні сайлау рәсімдерін байқауға кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары – барлығы 235 адам қатысты.

"Сайлау туралы" Конституциялық заңның нормаларына сәйкес, бүкіл республика бойынша Парламент Сенат депутаттарының сайлауын ОСК сайлау өткізілген күннен бастап 7 күн мерзімнен кешіктірмей шығарады. Бүгінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының дауыс беру нәтижелері бойынша Сенат депутаттарының сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы барлық хаттамалар келіп түсті", - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу