Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 28 мамырда Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.
Сайлау науқаны кезеңінде Қызылорда облысынан Парламент Сенатының депутаттығына барлығы 5 кандидат ұсынылған.
Барлық кандидаттар өздерін қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын облыстық сайлау комиссиясына өткізді. Облыстық сайлау комиссиясының паспорт қызметінің мамандарымен бірігіп жүргізген қол қою парақтарындағы қолдардың растығын тексеруінің нәтижесінде рас болмай шыққан қолдар анықталмады. Бұл туралы толығырақ e-kyzylorda.gov.kz хабарлайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу