Сенат депутаты бұғы басына берілетін субсидияны 50 мың теңге етуді ұсынды

1213

30 жылда қолдағы бұғы саны екі есе азайған.

Сенат депутаты бұғы басына берілетін субсидияны 50 мың теңге етуді ұсынды Фото: parlam.kz

Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин еліміздің шығысындағы шекарада жатқан Катонқарағай ауданындағы шаруалардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Қазіргі таңда марал шаруашылығын жүргізудің күрделілігі мен қаржылай тиімділігінің төмендеуінен бұл сала мүшкіл жағдайда. Қазақстанның эндемигі – маралдардың жойылып кету қаупі бар. Туристік қызмет көрсететін бизнес түрі ретінде де келешегі бұлдыр. Елімізде 1990 жылы 15 мың марал өсірілсе, бүгінде олардың саны еке есе кеміген. Саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін келесі мәселелерді шешу ұсынылады. Бірінші, субсидиялау қағидаттарына өзгеріс енгізу  арқылы аналық маралмен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу нормативтерін  қазіргі 10 мың теңгеден 50 теңтеге дейін көтеру.

Екінші, инвестициялық салымдар салу кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеуді субсидиядау қағидаттарына марал қоршауларын салу және қолданыстағыларын кеңейту, панталық процедуралық нысандарды, қайта өңдеу цехтарын құру және кеңейту, қолдан ұрықтандырудың асыл тұқымды орталықтарын құру бағыттары бойынша жаңа паспорттар енгізу.

Үшінші, отандық, шетелдік селекция есебінен асыл тұқымды немесе аналық мүйізді маралдарды сатып алуды субсидиялауды түбегейлі шешу.

Төртінші, жаңа техникалар сатып алу мен асыл тұқымды мал басы үшін азық құнын арзандатуды қарастыру", - деген депутат Премьер-министрден Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Ұлттық жобасына бұғы және ара шаруашылығын басым бағыт ретінде кіргізуді сұрады. 

"Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, ара және марал шаруашылықтары ұлттық бәсекеге қабілетті табиғи артықшылығымыз саналатын органикалық ауылшаруашылық өнімдерді өндіруде ерекше маңызға ие. Аталған салалардың әлеуметтік-экономикалық,  экологиялық маңызы мен әлеуетін ескере отырып, Президент тапсырмасымен әзірленіп жатқан Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2020-26 жылдарға арналған Ұлттық жобасы аясында мемлекеттік қолдаумен қамтылуын тиісті министрліктерге тапсыруыңызды сұраймын" - деді Сенат өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу