Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

2724

Нұрлан Қылышбаев Алматы облысынан сайланған депутат ретінде бес жылдан астам қызмет істеді. 

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ол қандай қызметке ауысып жатқанын әзірге айтпады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Сіздермен бірге заң жобаларын қарастырып, мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындап, аймақтан сайлаушылардың ой-пікірін тыңдап, мәселелерді шешуге жол тапқаныма қуаныштымын", – деген ол әріптестеріне, Елбасына, Президентке алғысын айтты. 

Кулуарда журналистер қандай қызметке ауысып жатқанын сұрады. Әзірге "құжаттары шықпағанын", "ештеңе айта алмайтынын" жеткізді.

"Үкімет қайда жібереді, сол жаққа қызмет етеміз", – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу