Сенатор Андрей Лукин осыған байланысты премьер-министрден заң бұзушылықтарды жоюға көмектесуді сұрады.
"Уәкілетті органдардың тексеру мен бақылаудың өзге де түрлері бойынша қызметін мемлекеттік бақылаудың уақытылы жүзеге асуын қамтамасыз ету, бақылау және қадағалау органдарының қызметіндегі бақылау іс-шараларын сапалы және тиімді жоспарлауды, оның ішінде тәуекелдерді бағалаудың ведомстволық жүйесін жетілдіру арқылы ұйымдастыруды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері бойынша қолданыстағы заңнамаға лауазымды адамдардың жауапкершілігін қатаңдатуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бастама жасау мүмкіндігін қарастыруды сұраймын", – деді сенатор өз сауалында.
Депутат сонымен қатар қарамағындағы қызметкерлердің іс-әрекетіне тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген бақылау және қадағалау органдарының кінәлі лауазымды тұлғаларымен қатар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының да тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарауды сұрады.