Сенат ЕАЭО-дағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің қоймалық куәлігі туралы келісімді ратификациялады

196

Келісімнің негізінде Қазақстандағы астық қолхаттарының айналымын заңнамалық реттеу тәжірибесі қаланды. 

Сенат ЕАЭО-дағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің қоймалық куәлігі туралы келісімді ратификациялады Фото: Anyq.kz

Сенат "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатты сенатор Закиржан Кузиев таныстырды.

Келісім 2023 жылғы 31 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойылып, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы және өзара сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған қойма куәліктерін пайдалануға бағытталған.

"Келісім қойма куәліктерін шығару (беру), айналымға шығару және Одақ шеңберінде оларды өтелуін реттейді және оларға қойылатын талаптарды айқындайды. Келісімге сәйкес қойма куәліктері шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері қатысушы елдердің ұлттық заңнамасына сәйкес анықталады. Одан бөлек, Одаққа мүше мемлекеттер қатысушы елдің қойма куәліктері туралы мәліметтерді бірыңғай интернет-ресурс арқылы алуға мүмкіндік беретін жүйені қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қоймалардың куәліктер бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады", – деді депутат.

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасында Келісімді жүзеге асыру:

  • қойма куәліктерінің тұрақты айналымын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың иелеріне қаржылық ресурстарға қолжетімділікті арттыруға;
  • ауыл шаруашылығы тауарларының электронды саудасын дамытуға;
  • Қазақстанның қойма куәліктерін Еуразиялық экономикалық одақ нарығында ілгерілетуге, қойма куәліктері кепілімен несие алу мүмкіндігін жасауға және нарықтың қолайлы жағдайында тауарды сату арқылы елдің аграрлық секторының табысын арттыруға ықпал етеді.

Келісімнің негізінде Қазақстандағы астық қолхаттарының айналымын заңнамалық реттеу тәжірибесі қаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу