Сенат екі жылға арналған нақтыланған бюджет туралы заңды қабылдады

147

Құжат бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты әзірленді. 

Сенат екі жылға арналған нақтыланған бюджет туралы заңды қабылдады Фото: inbusiness.kz

Сенат "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң биылғы республикалық бюджеттің шұғыл шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты әзірленді.

"Қазақстанның 2024 – 2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына 2024 жылға арналған бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің болжамын нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізілді. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалауы бойынша 2024 жылға әлемдік экономиканың өсуі 2,6%-дан 3,2%-ға дейінгі шектерде болжануда. Халықаралық қаржы ұйымдарының 2024 жылға арналған Brent маркалы мұнай бағасының консенсус-болжамы барреліне 84,2 долларды құрайды. Осы жылдың басынан бері мұнайдың орташа бағасы барреліне 81,4 доллар деңгейінде қалыптасты", – делінген заңға берілген қорытындыда.

Республикалық бюджетті нақтылаудың негізгі міндеті – 2024 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін ел экономикасының қазіргі жай-күйіне сәйкестендіру.

2024 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің нақтыланған болжамы:

  • кірістер (трансферттерді есептемегенде) – бекітілген жоспардан 2 000,0 млрд теңгеге азайтыла отырып, 14 124,0 млрд теңге;
  • шығыстар – 23 865,7 млрд теңге;
  • тапшылық – 3 671,0 млрд теңге немесе ЖІӨ-нің 2,7%-ы сомасында айқындалды.

"Тұтастай алғанда, салықтық түсімдер бойынша болжам салықтық түсімдер бойынша 3 085,3 млрд теңгеге азайтыла отырып және салықтық емес түсімдер бойынша 1 081,9 млрд теңгеге ұлғайтыла отырып, 12 674,4 млрд теңге сомасында айқындалды", – делінген құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу