Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Экспорттық-кредиттік агенттік сыртқы сауда операциялары кезінде төлем жасамау тәуекелінен сақтандыратын қорғаныс қызметін көрсететін болады. Сақтандырумен қатар мемлекеттік кепілдендіруді және сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, шартты турде салымдар арқылы экспорт алдындағы және экспорттық сауданы қаржыландыру, сондай-ақ, қаржы агенттігінің функцияларын жүзеге асыру көзделеді. "Сақтандыру қызметі туралы" Заң Экспорттық-кредиттік агенттікке қолданылмайды", – деп түсіндірді сенат депутаты Серік Шайдаров.
Сонымен қатар, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" заңға өзгерістерде Экспорттық-кредиттік агенттікті қаржы мониторингі субъектілеріне жатқызу ұсынылды.
Сондай-ақ, Экспорттық-кредиттік агенттік өзі үшін субсидиялау және кепілдік беру сияқты қолдау шараларының жаңа түрлерін жүзеге асырады.