Заң "2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауапкершілік туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" деп аталады.
"Хаттама Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімнің ережелерін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың нормаларына сәйкес келтіруге бағытталған", – деді депутат Бауыржан Қаниев.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің айтуынша, Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-ның тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы ретінде құрылған сәттен бастап 10 жылға жуық уақыт өткенін еске салды. Осы кезеңде ЕАЭО елдері үшін монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру бөлігінде бірыңғай саясаттың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі жаңа өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде мемлекеттік құпияға жататын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік билік органдарынан, заңды және жеке тұлғалардан қажетті, оның ішінде құпия ақпаратты сұратады және алады. Сондықтан қабылданған келісім құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін реттейді және комиссия қызметкерлерінің оны алған кезде жария еткені үшін жауапкершілігін реттейді.