Сенат фонограмманы пайдалануды тыйым салатын заңды Мәжіліске қайтарды

228

Заңның жекелеген баптары мақұлданбады. 

Сенат фонограмманы пайдалануды тыйым салатын заңды Мәжіліске қайтарды Фото: freepik

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Құжат екі оқылымда қаралған болатын.

"Заң мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау салаларын реттеудің нормативтік негізін тұжырымдамалық тұрғыдан өзектендіруге мүмкіндік береді және ұлттық заңнаманы және оның құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді. Қаралып отырған заң жұмыс тобы отырыстарында жан-жақты талқыланды, сұрақтарға жауаптар алынды. Дегенмен заңды жұмыс топтарының отырыстарында, Комитеттің кеңейтілген отырысында қарау барысында, заңнамалық сипатқа ие бірқатар ұсыныстар мен ескертулер жинақталғанын атып өткіміз келеді. Олар: "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңда психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылауда тұрған адам тәлімгер және ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы бола алмайтындығы жөніндегі нормалармен толықтыру", – деді сенатор Талғат Жүнісов.

"Мәдениет туралы" Заңда:
- телевизиялық жазбалар мен концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге бейімделмеген орындарды қоспағанда, ұйымдастырушыларды, шығармашылық ұжымдарды және орындаушыларды концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда дауыстық (вокалдық) фонограммаларды пайдалануына тыйым салуды көздейтін өзгерісті нақтылау;
- заңнамада белгіленген жағдайларда ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу және музыкалық шығармаларды орындау кезінде дауыстық (вокалдық) фонограммаларды пайдалану туралы көрермендерді хабардар етуді міндеттейтін және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" қолданыстағы заңның тиісті нормасын осы түзетуге сәйкестендіру;
- жеке тұлғаларды бұқаралық ақпарат құралдарында немесе онлайн-платформаларында авторлық құқық объектілері болып табылатын туындыларды жария пайдалануы кезінде автордың (авторлардың) атын көрсетуге міндеттеу жөніндегі норманы қолданыстағы заңнамаға қатысты реттеу;
- орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді тиісті көлемде қаржыладандыратын жергілікті атқарушы органдардың тізімінен аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларды алып тастау жөніндегі түзетулер бар.

Сондай-ақ заңның кейбір баптарының күшене ену мерзімдерін қайта қарастыру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Барлық ұсыныстар мен ескертулер салыстырмалы кестеге жинақталған.

"Заңның жекелеген баптарын мақұлдамауды және заңның көрсетілген баптарының жаңа редакциясын ұсына отырып, оны Мәжіліске қайтаруды ұсынады", – деді Сенат депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу