Сенат халықаралық банктен 345 млн еуро қарыз алу туралы заңды бірауыздан мақұлдады

Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. 

Сенат халықаралық банктен 345 млн еуро қарыз алу туралы заңды бірауыздан мақұлдады Фото: kazpravda.kz

Сенатта Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құжатты ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды.

"Биылғы жылдың 2 шілдесіндегі ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 345,7 млн еуро сомасындағы Қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды.

Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады.

Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік Банктің қарызы Қазақстан Республикасына 11,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген", – деді Қаржы министрі.

Айтуынша, сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия да 0,25% құрайды.

"Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын", – деді Жамаубаев.

Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдады

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу