Сенат халықаралық шарттарды ратификациялау жөніндегі заң жобаларын қарайтын болды

855

ҚР Парламенті Сенатының Бюро мүшелері ағымдағы жылдың 1 сәуірінде өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтемемен.    

Сенат халықаралық шарттарды ратификациялау жөніндегі заң жобаларын қарайтын болды

Депутаттар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенцияны ратификациялауды қарайтын болды.

Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да отырыстың күн тәртібіне енгізілді. Оны қабылдау мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды таратудың бірыңғай ережелері мен рәсімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

Депутаттар Сенат отырысында "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын да қарайды. ЕАЭО аумағында бағалы металдар мен асыл тастардың еркін айналымын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау осы жұмыстың нәтижесі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу