Парламент Сенаты депутаттарының қарауына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар мен медициналық техника айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы №1 және №2 хаттамаларды ратификациялау туралы" заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Министрдің айтуынша, қаралып отырған ратификациялау жобасы №1 хаттама ұлттық рәсім бойынша берілген мерзімсіз тіркеу куәліктері бар медициналық бұйымдарға ЕАЭО шеңберінде қайта тіркеуді қажет етпейді.
Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам медициналық бұйым мен медициналық техника тіркелген, оларды ЕАЭО шеңберінде қайта тіркеу қажет емес.
Қаралып отырған № 2 хаттаманы ратификациялау жобасы тіркеуді 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға және ұлттық заңнама бойынша жаңа медициналық бұйымдарды тіркеуге мүмкіндік беретінін түсіндірді.
Министр Қазақстан Республикасының нарығында медициналық бұйымдар тапшылығының туындауына жол бермеу мақсатында №1 және №2 хаттамаларды ратификациялауды қолдауға шақырды.
ЕАЭО-ның жалпы нарығы шеңберінде медициналық бұйымдардың айналысын реттеу 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және 2016 жылғы 12 ақпаннан бастап күшіне енген 2014 жылғы 23 желтоқсандағы ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдардың айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз.