Сенат қауіпті қалдықтарды тасымалдау тәртібі туралы келісімді ратификациялады

1153

Келісім ЕАЭО-да қоршаған ортаның ластануына жол бермеуді көздейді.

Сенат қауіпті қалдықтарды тасымалдау тәртібі туралы келісімді ратификациялады

Сенат депутаттары "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың трансшекаралық қозғалысы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев заң жобасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде ЕАЭО кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың трансшекаралық өткізілуіне байланысты қатынастарды реттеуге, әрі ЕАЭО-да қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға рұқсат беру тәртібін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті шығарған қорытындыға сәйкес, бұл құжат 2019 жылғы 9 тамызда Шолпан-Ата қаласында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары қол қойған келісімді ратификациялауды көздейді.

Заң жобасы төмендегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында қауіпті қалдықтарды өткізудің бірыңғай тәртібін айқындау;

- ЕАЭО кедендік аумағы бойынша осындай тасымал кезінде берілген қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) және анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат алмасу бөлігінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

- Қалдықтарды экологиялық негізде жою және қайта өңдеуді, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды қамтамасыз ету;

Заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу