Сенат Кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шартқа өзгеріс енгізді

702

Құжаттың негізгі мақсаты – ЕАЭО елдері кеден органдарының жұмысын үйлестіру.  

Сенат Кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шартқа өзгеріс енгізді

Парламен Сенатының жалпы отырысында "2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заң жобасы қабылданды, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

Құжатқа 2019 жылдың 9 тамызында Шолпан-Атада қол қойылған.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша Кеден қызметтерінің біріккен алқасының негізгі мақсаты – кеден қызметтерінің өзара іс-қимылдарын үйлестіру, өз құзыреті шегінде кеден заңнамасының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету, кеден ісі мәселелері бойынша бірыңғай құқықтық базаны қалыптастыруға қатысу.

"2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт күшіне енді. 2017 жылы ЕАЭО-ның жаңа Кеден кодексі қабылданған болатын. Аталған өзгерістер Кеден қызметтерінің біріккен алқасы шартына түзетулер енгізуге негіз болды",  деді Қаржы министрі.

Осылайша Парламент Сенатының жалпы отырысында қаралған құжаттың терминологиясы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт пен Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың ережелеріне сәйкес келтірілді:
- "Кеден одағы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақ"; 
- "Кеден қызметтері" деген сөздер "кеден органдары" деп, "Тараптар мемлекеттері" деген сөздер "мүше мемлекеттер" деп ауыстырылды. 

"Мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары анықталды. Қазақстанда ол – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті",  деді министр. 

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссияның құзіретіне берілуіне байланысты кейбір қызметтер біріккен коллегияның құзіретінен алынып тасталған. 

"Кеден заңнамасы нормаларының орындалуына мониторинг жүргізу", "бірыңғай кедендік аумақтың жұмыс істеуі үшін ұйымдастыру шарттарына қатысу", "Тауар номенклатурасының біркелкі қолдануына мониторинг жүргізу". Сондай-ақ, кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу жөніндегі келісілген қағидалардың қолданылуын қамтамасыз ету бөлігінде Біріккен алқаның құқықтары оңтайландырылды", – деді Ерұлан Жамаубаев. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу