Сенат "Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтату және лауазымынан босату туралы" қаулыны мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдарының комитеті өз отырысында Сенат тағайындаған Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтату және оны қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураны алдын ала талқылап, нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. "Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңының 9-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына, Сенат регламентіне сәйкес, комитет Сенатқа Конституциялық Сотының судьясы Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлының өкілеттігін тоқтатуды және оны қызметінен босатуды ұсынады", – деді сенатор Нұрлан Бекназаров.
Айта кету керек, Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалғанын жазғанбыз.