Сенат Қытаймен визасыз режим енгізуге мүмкіндік беретін құжатты қабылдады

Бұл Бейжің үшін визасыз режим енгізуде негізгі шартқа айналған қос ел арасында ақпарат алмасу туралы келісім.

Сенат Қытаймен визасыз режим енгізуге мүмкіндік беретін құжатты қабылдады Фото: gov.kz

Сенат отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қытаймен визасыз режим қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қытай тарапы қазірден бастап визасыз жүру басталса, азаматтар ағыны көбейетінін түсінеді. Ал ең алдымен заңсыз көші-қонды бақылау үшін олар шарттың бірі ретінде азаматтарға қатысты ақпарат алмасу туралы келісімге қол қоюды қойды", - деді спикер.

Визасыз келісім Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы азаматтарға қатысты ақпарат алмасу туралы келісіммен қатар жұмыс істей бастайды, деді министрдің орынбасары.

"Осы заңға қол қойылғаннан кейін визасыз режим жұмыс істей бастайды", - деп атап өтті Лепеха.

Айта кетейік, 5 қазан Сенат "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу