Сенат Мәжіліс мақұлдаған құжатты құптамады

1159

Түзету енгізілуіне байланысты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы төменгі палатаға қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сенат Мәжіліс мақұлдаған құжатты құптамады

"Бүгін қаралған заң жобасы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатымен көрнекі ақпаратты жазуға қойылатын талапты нақтылайды. Бұл көлік және сауда саласында, дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды таңбалауға, пошта қызметін көрсетуге қатысты. Сонымен қатар әкімшілік-аумақтық бірліктердің тарихи қалыптасқан атауларының жазылуына қойылатын талапты белгілейді. Заң жобасы діни бостандық саласындағы өзгерістерді де қарастырады. Бұл ретте сенаторлар құжатқа ар-ождан бостандығын қамтамасыз етуге және діни іс-шара өткізу тәртібін жеңілдетуге арналған бірқатар маңызды өзгеріс енгізді. Бұл түзетулерге халықаралық сарапшылар оң баға берді", – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу