Сенат мопедтерге қатысты заңды мақұлдады

223

Құжат Президентке жолданады. 

Сенат мопедтерге қатысты заңды мақұлдады Фото: ikirov.ru

Сенат Мәжіліс қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы мен оған ілеспе құжатты екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Парламент депутаттары бастамашылық жасаған Заң жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Заң келесі негізгі ережелерді:
- мопедтерді механикалық көлік құралдары тізбесіне енгізуді, сондай-ақ мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеуді белгілеуді көздейді. Тиісті норма Заң қабылданған кезден бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
- мопедтерді басқару және пайдалану талаптарын белгілеуді;
- "көлік құралының орташа жүру жылдамдығы" ұғымын енгізуді; 
- көлік құралдарына техникалық қарап-тексеру өткізетін ұйымдарға қойылатын талаптарды қайта қарауды көздейді. Рұқсат беру тәртібі арқылы олардың жұмысын реттеуді енгізуді көздейді;
- көлік құралының габариті мен салмағы бөлігінде жолдардағы цифрлық жүйелердің бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу тәртібі өзгереді;
 - жолаушылар тасымалы қауіпсіздігіне, көлік құралдарының жүргізушілерін оқытуға қатысты бірқатар қосымша талаптар енгізіледі.

Заң жекелеген көлік құралдары түрлерінің, оның ішінде мопедтердің жүруін ұйымдастыру саласында туындайтын мәселелерді құқықтық реттеудің тиімділігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу