Сенат obamacare жүйесін өз күшінде қалдырды

736

Сенат obamacare жүйесін өз күшінде қалдырды

АҚШ сенаты медициналық сақтандыруды алып тастаудан бас тартты. Президент Дональд Трамп жетекшілік ететін Республикалық партия Барак Обама ұсынған денсаулық сақтау жүйесінің күшін жою туралы заңды бекітуге барын салуда. Біірақ бұл жолы да олардың әрекетінен түк шықпады. Бұл сәтсіздік Трамп жақтастарының тарапынан үлкен наразылық тудырып отыр.

Айта кетейік, Обама ұсынған жүйе бойынша медициналық сақтандырушы компанияларға дотация беріледі.

Чак Шумер, сенаттағы демократтардың көшбасшысы:

"Америкалықтар үшін жақсы жаңалық бар. Себебі миллиондардың денсаулығын сақтау жүйесі қорғалып, сақталып қалды. Біздер, демократтар үшін бөркін аспанға атуға әлі ерте шығра, бірақ сонда да денсаулық сақтау жүйесін бұдан да жақсарту қажеттігін дәлелдеуге мүмкіндік алдық".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу