Сенат Польша Республикасымен азаматтарды елге қайтару туралы заң жобасын қабылдады

769

Сенат Польша Республикасымен азаматтарды елге қайтару туралы заң жобасын қабылдады

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасында азаматтарды қайтару келісімін ратификациялау туралы" заң жобасын Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Парламент Сенатында таныстырды.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасында  азаматтарды қайтару  туралы   келісімі" 2016 жылдың  22 қарашасында Варшавада жүзеге асты.  Келісім Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы азаматтарды  қайтарудың  құқықтық және  ұйымдастырушылық мәселелерін реттейді", – деді Қ.Қасымов.

Сондай-ақ, заң  үшінші мемлекет  пен азаматтығы жоқ  тұрғындар, заңсыз шыққандар мен келісілген  тараптар  шекарасына өткен  тұлғаларға қатысты  мәселелерді реттейді.  

"Келісім  қағидасы қайтарылатын  тұлғаларды анықтау  және қауіпсіз транзитті қамтамасыз ету механизмдерін реттеп, тегін құжаттарды ұсыну мен жеделтетілген реадмиссияны жүзеге асырады", – деді министр.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Қазақстан  реадмиссия туралы  14 мемлекетпен келісім орнатқа,  оның  12-сі ратификацияланып,  өз күшіне енді.

Заң жобасын парламент Сенаты бірінші оқылымда қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу